«Ел ішіне кең таралған TikTok, Instagram немесе Telegram арналары еңбек адамдарының шынайы тыныс-тіршілігінен алыс екенін өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз.» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында осылай деді. Мерзімді басылымдарды үзбей оқып, қажетті мәліметтерді көбіне-көп газеттен алатынын айтқан президент оның мән-маңызына тоқталды.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Мемлекет басшысы: "Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Себебі, әлеуметтік желі адамның ойлау қабілетіне зор зиян келтіріп жатыр." деді. Айтуынша, жасы қырыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірім деңгейінде қалып қойған азаматтар бар. Демек, қоғам игілігіне қызмет етіп, қарыштап дамуына үлес қосатын азамат тәрбиелеуде - мерзімді басылымдардың алар орны жоғары.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
Өз басым мерзімді баспасөзді жас кезімнен үзбей оқитыным рас. Әлі күнге дейін осы әдетімнен жаңылған емеспін. Қоғамымыз елең етерлік жаңалық оқып, бейнежазба көрумен шектелмей, мән-мағынасы терең ақпараттың да қадірін білгені дұрыс деп санаймын. Көптеген жастарымыздың да дәл солай ойлайтынына қуанамын. Оқу мәдениеті жоғары елдер әрдайым жаһандық дамудың алғы шебінде бола беретіні сөзсіз. Бұған еш күмәнім жоқ.
ДӘУЛЕТ ТҰРСЫНҰЛЫ, «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
– «Ой-сана сезімін байту үшін оқу үшін оқу керек деп ойлаймын. Белгілі бір мәселелерде түрлі пікірлер туындап жатады. Соны газет сараптап береді. Екі жақтың да пікірін береді. Оқырман өзі ой түйіп, қайсысы дұрыс қайсысы бұрыс түйін шығарады.»
Серікқали Жексенбаев 42 жылдан бері мерзімді басылымдарда жұмыс істеп келеді. Ауа-райының құбылмалы мінезіне, қар-жаңбырына, аптап ыстығы мен сарышұнақ аязына қарамай қыр-даланы кезіп, оқырманға бүкпесіз, боямасыз ақпарат таратып келеді. Сөзінше, қазір газет жылдам мәлімет таратуға емес, өзекті мәселелерді сүзгіден өткізіп, сараптама жүргізуге басымдық береді. Оқырман баспасөзден рухани қуат, ғылыми мазмұн, танымдық көзқарас ала алады.
СЕРІКҚАЛИ ЖЕКСЕНБАЕВ , «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ АҒА ТІЛШІСІ
– «Елімізде болып жатқан реформаларды, үкімет бағдарламаларын түсіндіруде, насихаттауда баспасөздің алар орыны ерекше деп ойлаймын.» – «Экономика тақырыбында болсын, әлеуметтік, заңдық тақырыптарда болсын терең талдауға, байыптауға арналған материалдарды беруге ұмтылады. Әлеуметтік желілерде ондай мәлелелер кемде-кем.»
100 жылдық тарихы бар басылымда қызмет атқаратын маман газет – жеті рет өлшеп бір кесетінін айтады. Яғни ондағы тілшілер кез-келген ақпаратты тиісті дереккөз арқылы тексеріп, шынайылығына көз жеткізе барып жариялайды.