Салық реформасы –  өзекті мәселе. Дегенмен, ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ. Осылай деген Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елімізде жүргізіліп жатқан салық реформасының мәніне тоқталды.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

Мұндай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресейде қосымша құн салығы жуырда 22 пайызға дейін көтерілді. Біздің реформамыз – қатардағы "фискалдық науқан" емес, салық жүйесін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзірлеу тапсырылды. Министрлер кабинетінің бұл тапсырманы қаншалықты табысты орындап шыққанын биыл көретін боламыз.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің жай ғана фискалдық шара емес, салық жүйесін түбегейлі жаңғырту жұмысы екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, алдағы басты мақсат-экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Сондықтан Үкіметке жаңа Салық кодексін әзірлеу тапсырылған.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ , ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

Бақылау барысында қазіргі Үкімет те қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Алайда, мен Үкіметке оның жоғарғы шегін 4 сатыға төмендету туралы тапсырма бердім. Жаңа Салық кодексінде бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі, яғни, осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс. Бірін-бірі өзара толықтырып тұратын мұндай жүйеде салық төлеу ауыртпалық ретінде қабылданбайтын болады. Түптеп келгенде, салық төлеу дегеніміз – заманауи қоғамдық келісімшарт деген сөз. Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан "белсенді ортаны" одан әрі дамыту тәсілі.

 Сұхбат барысында Мемлекет басшысы қосымша құн салығына байланысты ұсыныстарға да назар аударды.


Салық төлеу мәдениеті дәл осылай қалыптасады. Салық төлеу бұрын міндет болса, енді отаншылдықтың озық үлгісіне айналады. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам құрудың төте жолы деуге болады. Себебі, салығын адал төлейтін азаматтар өз қаржысының алаяқтардың қалтасында кеткенін мүлдем ұнатпасы анық.


Сонымен қатар, сұхбатта жаңа Салық кодексінің негізгі қағидаты бақылау емес серіктестік болатыны айтылды. Президент салық төлеудің заманауи қоғамдағы рөліне де айрықша тоқталып өтті.