Шымкентте Жаңа жыл түні тыныш өтті. Мерекелік кеште ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Бұл түні төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, қала қауіпсіздігін қадағалады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында 75 шақыртуға шыққан.

Безендірулер мен отшашулар – барлығы мерекелік көңіл күй сыйлайтын Жаңа жылдың символы. Алайда осы жылтырдың арты кейде орны толмас өкінішке алып келіп жатады. Тұрғындардың айтуынша, Жаңа жыл күндері өрт оқиғалары көбіне пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбау салдарынан орын алады.


Кішкентай балаларды мүлде жолатпауымыз керек деп ойлаймын. Атылатын зат болғаннан кейін қауіпсіздікті сақтап, алысырақ ұстау қажет. Көбіне өзіміз атпауға тырысамыз. Өйткені түрлі оқыс жағдайлар болып жатады, үй жағдайында да.

 Әрине, ондай нәрселерді алмау керек. Бірақ барлығы қызығып алады, Жаңа жылдың символы ғой. Қазір ондай заттарға тыйым салынып жатыр, үлкен айыппұлдар бар.

 Өрт қауіпсіздігін сақтап, атылатын заттарды арнайы ашық алаңдарда қолдану керек. Кәмелет жасқа толмаған балаларға сатуға тыйым салынуы тиіс деп ойлаймын.


Төтенше жағдайлар қызметі 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында 75 рет шақыртуға шыққан. Оның 37-сі өртке байланысты. Жеңіл автокөліктердің жануы мен пәтерлердегі электр сымдарының қысқа тұйықталу жағдайлары тіркелген.

АҒЗАМ САИПОВ, ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛКОВНИК
Жану жағдайына 37 рет, жедел-құтқару жасағы 17 рет, Апаттар медицина орталығы 21 рет шықты. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында 2870-ке жуық қоңырау қабылданып, қала аумағында резонансты төтенше оқиғалар тіркелген жоқ. Жану жағдайлары негізінен қысқа тұйықталу мен жеңіл автокөліктердің жануына байланысты болды. Жалпы, ірі оқыс оқиға орын алған жоқ.

 Айта кетейік, құтқарушылар мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға байланысты алдын алу және түсіндіру шараларын жүргізген болатын.