Қаңтар айында өтетін ұлттық бірыңғай тесттілеуге 187 мың азамат қатысады. Өтінімдер өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтетін білім сынағында жас шәкірттер 120 тапсырма орындайды.


Жиынтық бал 140. Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдаған. Айта кетейік, қаңтардағы ҰБТ-ға оқушылардан бөлек, шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар мен шетелде білім алған ҚР азаматтары да қатыса алады.