Былтыр жедел жәрдем қызметкерлері 7,5 млн азаматқа көмектескен. Ең көп шақыртулар Алматы мен Астана қалаларында және Түркістан облысында тіркелген.

 Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұрғындар көбіне көп тыныс алу мен жүрек-қан тамыр ауырулары, жарақат, улану, жазатайым жағдайлар негізінде хабарласқан.

ШАҚЫРТУЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ:
Тыныс алу ағзаларының аурулары – 1 778 189 (23,8%);
Жүрек-қан тамырлары аурулары – 1 434 483 (19,2%);
Басқа аурулар – 1 249 223 (16,7%);
Жарақаттар, уланулар және жазатайым оқиғалар - 735 183 (9,8%)
Неврологиялық аурулар – 714 915 (9,6%)


Сәтті реанимация көрсеткіші 8,2%-ға өсіп, нәтиже 60,3%-ға жеткен. Жеделділіктің бірінші санаты бойынша шақыртуға жетудің орташа уақыты – 8,8 минутты құраған. Еліміз бойынша бір ауысымда 1 618 көшпелі бригада жұмыс істейді. Оның ішінде 258 мамандандырылған дәрігерлік және 1 360 фельдшерлік бригада қызмет көрсетеді. Былтыр 682 мың шымкенттік жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Шақыртуларға 115 бригада көмек көрсетіп, уақытылы ем-дом шараларын жасаған.

ГҮЛНАР ҚҰРМАНБЕКОВА , ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ   БАС ДӘРІГЕРІ
 – «2024 жылы 106 бригада болса өткен жылы 9 бригада қосылып 115 бригада болды. Жергілікті бюджеттен 40 санитарлық автокөлік қосылды. Оның бәрі заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған.»