Түркістан облысында жаңа жыл түні "102" арнасына 400-ден аса қоңырау түскен.  Полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп, қоғам тыныштығын кірпік қақпай күзетті.

 Патрульдік нарядтардың саны көбейіп, қызмет көрсету маршруттары белгіленді. Азаматтардың жаппай жиналатын орындары мен ойын-сауық орталықтары бақылауға алынды. Облыс көлемінде аса ауыр қылмыс дерегі тіркелмеген. Оқыс оқиға болмаған. Дегенмен "102" арнасына 424 хабарлама келіп түскен.  Оның ішінде жол қозғалысы, түн тыныштығын бұзу, қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, тағы басқа да құқық бұзушылықтар бар. Полицейлер арыз-шағым негізінде жедел әрекет етіп, келеңсіз жағдаяттардың алдын алды.