Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласында болған өрт оқиғасына байланысты шұғыл штаб отырысын өткізіп, жауаптыларға қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Өңірде өрттің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.


Облыста мереке күндері төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде қызмет көрсетті. Аймақ басшысы оқиға орнына барып, жауапты мамандармен жедел кеңес өткізді. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынды. Еске сала кетейік, жаңа жыл түні Кентау қаласында көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы қоғамдық тамақтану орнында жарылыс орын алған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез арада ауыздықтады. Қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы бойжеткен қаза тапты. Тағы 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.