Былтыр Шымкенттік дәрігерлер 1 100-ден аса жоғары технологиялық ота жасаған. Оның 350-і кардиохирургиялық, 100-і нейрохирургиялық операция. Ақ халаттылар 1 жүрек, 17 бүйрек трансплантациясын сәтті іске асырып, науқастарға жаңа өмір сыйлаған.
Мегаполисте медициналық инфрақұрылым жаңарып, 2 аурухана күрделі жөндеуден өткен. Жедел жәрдемге 40 жаңа автокөлік алынып, жабдықталу деңгейі 90%-ға жеткен. Жасанды интеллект негізіндегі PACS Systems, Cerebra, Puls AI жүйелері енгізілген. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп, шетелдік клиникаларда оқыту сынды менторлық мастер-класстар ұйымдастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтыр бұл мақсаттарға 381,8 млн теңге бөлінген.