Шымкент – қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Халық тығыз,бала саны көп қалада педиатрдың рөлі ерекше. Себебі, әрбір бүлдіршіннің денсаулығы – қаланың ертеңі. Педиатрия – медицина саласының маңызды бағыты, ол балалардың денсаулығын сақтау мен емдеуге арналған. Педиаторлар – балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық дамуын қадағалап, оларға медициналық көмек көрсететін дәрігерлер. Бұл мамандық балалардың өмірін жақсартуға бағытталғандықтан, ерекше жауапкершілік пен қамқорлықты талап етеді.Сондай маманның бірі – Қанатжан Сауханбекұлы.


Педиатр дәрігерлердің басты мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау. Олар жаңа туған нәрестелерден бастап жасөспірімдерге дейінгі барлық жастағы балаларға медициналық көмек көрсетеді.


Педиатр мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Балалардың денсаулығына, тіпті өміріне байланысты шешімдер қабылдау дәрігерлерге үлкен ауыртпалық түсіреді. Сонымен қатар, балалардың мінез-құлқы мен ауруды жеткілікті дәрежеде түсіндіре алмауы педиатрлардың жұмысын күрделендіреді.


 Бұл мамандықтың көптеген артықшылықтары бар. Педиатор болу – қоғамға үлкен үлес қосу, болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғауға атсалысу деген сөз. Әрбір сәтті емделген бала – дәрігер үшін үлкен жетістік пен бақыт көзі.


Педиатор болу үшін ұзақ мерзімді және жан-жақты дайындық қажет. Болашақ дәрігерлер медициналық университетте бірнеше жыл бойы білім алады, содан кейін педиатрия бойынша мамандандырудан өтеді. Оқу барысында олар балалардың анатомиясы мен физиологиясы, балалар аурулары, диагностика мен емдеу әдістері жөнінде терең білім алады.


Педиатор болу үшін білімнен бөлек, адамгершілік қасиеттер де маңызды. Бұл мамандықта мейірімділік, шыдамдылық, балаларға деген махаббат пен жауапкершілік басты рөл атқарады.


Педиатрия – болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғау ісіндегі маңызды мамандықтардың бірі. Педиаторлар балалардың өмірін жақсарту үшін аянбай еңбек етеді, оларға сапалы медициналық көмек көрсетіп, болашаққа жарқын жол ашады.