Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев елдің дамуына оның ішінде мегаполистердің қарқынды өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.Үшінші мегаполис атанған көне қала Шымкенттің тарихы тереңде жатыр.Ондағы мәдени ошақтардың да жетістікке жетіп,қаламыздың дамуына үлесін қосып жатқаны көпшілікке мәлім. Соның бірі 2008 жылғы 4 сәуірде ашылған алғашқы сатира жанрындағы мемлекеттік мәртебеге ие Республикамыздағы жалғыз театр әзіл сықақ және сатира театры.
Театр өзінің шымылдығын қазақ халқының классик жазушысы Сәкен Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» пьесасының желісі негізінде жазылған У.Абдраимовтың «Ауылым әнім» (режиссері У.Абдраимов) музыкалық комедиясымен ашқан.Бүгінгі таңда театр репертуарында отандық туындылармен қатар, өзбек, қырғыз, ағылшын авторларының 20 -дан астам комедиялық қойылымдары бар. Театрда жалпы саны 93 адам, шығармашылық салада 36 адам қызмет атқарады.
Өнерімен танылып, талантымен көрерменнің жүрегінен орын алып жүрген әзіл - сықақ саласының майталмандары, осы театрдың негізін қалаушы «Шаншар» әзіл - сықақ театрының тарландары Уәлибек Абдраимов пен Жүсіп Ақшора да осы сатира театрымен біте қайнасып келеді. Театрда өнердің қамшысын мықтап ұстаған алдыңғы, орта, кіші буын иелері бір ұжым болып, өнер ордасына айналды.
еатрдың өзге театрлардан ерекшелігі сан - салалық комедия жанрындағы түрлі пьесаларды сахналаумен бірге, аталмыш жанрды жан-жақты бағытта жандандыру үшін, шағын интермедиялардан құралса да, белгілі бір оқиға желісіне негізделе отырып, әндермен, хореографиямен көркемделетін сазды - думанды қойылымдарды қатар алып жүреді.Келген көрермен тек сахнадағы сұлулықты ғана байқайды.Ал сахна сыртында қойылымның керемет шығуына атсалысатын қаншама маман бар.
Сахнада әртістермен қатар қойылымда бутафорлар яғни қажетті заттар тұрады.Олар актердің көмекші құралдары.Оларды дұрыс орналастыру,дер кезінде әртіске жеткізу жауапты мамандық.
Адам көркі шүберек-деп текке айтпаған.Әртістердің сахнадағы жарқыраған киімі көз жауын алатындай етіп тігетін арнайы тігін цехы бар. Жұпар Қалдыбайқызы 12 жылдан бері осы театры репертуарындағы қойылымдардың образдары осы кісінің қолынан шығады.
Пішіліп тігілген киімдер арнайы бөлмеде сақталады.Оны сақтаудың да өзіндік біз біле бермейтін ережесі,күтімі бар.Кенжегүл Әзбергенова өз мамандығын сүйетіндіктен жұмысына жауапкершілікпен қарайды.
Осындай мамандардың көмегімен әртістер көрермен алдына шығады.Әзілсүйер қауымға ерекше көңіл-күй сыйлап, қоғамның түрлі мәселелерін астарлы қалжыңмен жеткізеді.Сатира театры сахнада әлеуметтік тақырыптарды қағытпа сөзбен жеткізіп, халықты күлдіре отырып, ойландырады.