Шымкенттіктерді алдап, 95 млн теңгесін иемденіп, шетелге қашып кеткен күдікті Түркияда ұсталды. Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері жедел әрекет етіп, Антальядан аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған қазақстандықты экстрадициялады.
Ресми мәліметке сәйкес, күдікті 2019–2020 жылдары алдау жолымен Шымкент қаласының төрт тұрғынын сазға отырғызған. Ақшалай қаражат пен жер учаскелерін иемденіп, 95 млн теңге көлемінде залал келтірген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін заңнамаға сәйкес мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.