• Ел Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында «Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту» жобасы бойынша жасалған инвестициялар туралы келісімді мақұлдады.

  •  Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Жоба қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға, елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және инвестиция тартуға бағытталған. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі, ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған қаражатты қоса алғанда, 39,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр. Жаңа өндірістік қуаттар онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларды, соның ішінде туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік затты шығаруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, фармацевтикалық өнім өндірісі саласында 316,3 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалды.