Биыл Шымкентте 3,5 млн дана гүл егіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Мұны Жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді.

Жауаптылардың сөзінше, қызғалдақтар шаһарына биыл 1 млн 600 мың көпжылдық және 2 млн біржылдық гүл көшеті отырғызылады. Гүлдердің басым бөлігі жергілікті жылыжайларда өсірілген. Олар Темірлан тас жолы, Қонаев және Бәйдібек би даңғылдары мен өзге де негізгі көшелерге отырғызылмақ.