Шымкенттіктер ХХV Олимпиада ойындарының қатысушыларын қарсы алды. Фристайл акробатикадан ел намысы үшін сынға түскен саңлақтарға зор құрмет көрсетілді. Спортшыларымызға алдағы жарыстарға жігер беріліп, сәттілік тіледі.
Италияның Милан қаласында өткен ХХV Олимпиада ойындарында спорттың фристайл акробатика түрінен 4 спортшы қатысты. Оның үшеуі – шымкенттік. Жерлестеріміз барын салғанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады.
БАҒЛАН ІҢКӘРБЕК, ФРИСТАЙЛ АКРОБАТИКАДАН ҚР БАС БАПКЕРІ
Біз барымызды салып өнер көрсеттік. Ендігі мақсатымыз – осы Олимпиадада жеңіске жете алмасақ та, келесі ойындарда барымызды салу.
Олимпиадада өнер көрсеткен жерлесіміздің бірі – Шерзод Хаширбаев. 22 жастағы спортшы Олимпиадада бағы жанбағанымен, сағы сынбаған. Келесі додаларға дайындықты пысықтайтынын айтады.
ШЕРЗОД ХАШИРБАЕВ, ХХV ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
Бізге оңай болған жоқ. Жалпы, ол жерде мыңдаған спортшы бар. Сонда да барымызды салдық.
Айта кетейік, шымкенттік саңлақтар спорттың 25 түрінен бақ сынады. Шымкент қаласындағы №8 қысқы спорт түрлерінен Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері спорттың 8 түрінен қатысты.
Шымкент қаласындағы №8 қысқы спорт түрлерінен Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 1994 жылдан бері спортшылар даярлауда көш бастап келеді. Қазір білім ордасында 500-ге тарта бала спорттың 8 түрінен жаттығып жүр.