Шымкенттік полицейлер ұрланған автокөлікті тауып, иесіне қайтарды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, ер адам автотұрақта тұрған өзгенің көлігін ұрлап кеткен. Оның үстіне күдікті қозғалыс ережелерін өрескел бұзып, жолда дрифт жасаған.


 Ал көлігінің жоғалғанын байқаған меншік иесі полицияға шағымданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен қозғалыс бағытын анықтап, күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұрланған автокөлік күдіктінің ауласынан табылды. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.