Еліміздегі маңызды саяси науқан Шымкентте қызу жүріп жатыр. Қалада 369 референдум комиссиясы жасақталған, оның 6-сы аумақтық комиссия болып табылады. Барлық референдум учаскелері таңғы 7-де жұмысын бастады.
КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ, ТІЛШІ
Қаланың қақ ортасында орналасқан №100 референдум учаскесінде таң азаннан жұмыс қызып тұр. Сайлау комиссиясы мен бақылаушылар барлығы сақадай сай. Қазір бюллетень жәшіктері мөрленіп, арнайы шара өткізілді. Бірер минуттан кейін референдум учаскесінің есігі дауыс берушілерге айқара ашылады.
АЙНҰР САХОВА, №100 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бүгін сағат 7:00-де жұмысымызды бастадық. Комиссияда 9 мүшеміз жұмыс істеп отыр. Учаскеде 461 адам тіркелген. Дауыс беруге 4 кабина дайындалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. Дауыс берушілердің 90 пайызы келеді деп күтіп отырмыз.
Әнұран шырқалып, учаске есігі ашылғаннан кейін дауыс берушілер легі тоқтаған жоқ. Саяси науқанға шынайы ықыласпен қатысушылардың қатары қалың.
КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ, ТІЛШІ
Азаматтық борышын өтеп, маңызды шараға бейжай қатыспаған тұрғындар таң азаннан келіп жатыр.
ОЛЖАБАЙ ТҮЗЕЛБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгінгі мереке құтты болсын. Өзімнің азаматтық борышымды орындап, дауыс беріп келіп отырмын. Өз таңдауымды жасадым.
КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ, ТІЛШІ
Таң азаннан келген алғашқы дауыс берушілердің ырысы артып тұр. Себебі алғашқы дауыс берушілерге арнайы сыйлық қарастырылған.
Айтқандай, Шымкентте 24 жабық мекеме бар. Онда да референдум учаскелері жасақталып, дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған.