Шымкенттегі этно-мәдени бірлестік мүшелері таңғы 7-де алғашқы болып дауыс берді. Референдум учаскесіне сән-салтанатымен, әуелеген әнімен келген топ шашу шашып, айтулы күнді той-думанға айналдырды. Таңдау жасаушылардың таңғы көңіл-күйін тілшіміз көріп қайтты.


Бүгін мереке. Ел үшін маңызды күнге этно-мәдени бірлестік мүшелері ерекше дайындықпен келген. Олар ұжым болып дауыс беріп, өздерінің азаматтық борыштарын өтеді.


АҒАПАША ҚҰРБАНОВ, ТҮРІК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әрбіріміз ел үшін маңызды сәтте белсенділік танытуымыз керек.


Референдум учаскесіне ең бірінші болып келіп дауыс бергендердің бірі – Тахирбек Нышанбаев. Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы ел үшін маңызды күнге бей-жай қарай алмайтынын айтып отыр.


ТАХИРБЕК НИШАНБАЕВ, ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫ
Әрбір азамат өз міндетін орындауы керек деп ойлаймын. Кеше түннен бері ұйықтаған жоқпыз.


 Айтып өтейік, №4 референдум учаскесінде 1063 дауыс беруші тіркелген. Дауыс берудің алғашқы сағатында азаматтар өз таңдауын жасап үлгерді.


Осылайша №4 референдум учаскесінде дауыс берудің алғашқы сағаты той-думанмен басталды. Бұл №4 учаскесінде дауыс берудің той-думанмен өтуі қала тұрғындарының маңызды күнді асыға күткенін көрсетеді.