Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде цифрландыру және жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеуге бағытталған «AI STARTUP HUB» инновациялық кеңсесі ашылды. Сондай-ақ университет мамандары әзірлеген AI-Jan жобасын өңірлік деңгейде енгізу бойынша ведомствоаралық меморандумға қол қою рәсімі өтті.
AI STARTUP HUB инновациялық офисі – университетте цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеу, инновациялық кәсіпкерлік экожүйесін дамыту және стартаптарды қолдауға бағытталған орталық. Жаңа кеңседе AI-Jan жобасын өңірлік деңгейде енгізу бойынша ведомствоаралық меморандумға қол қою рәсімі де өтті. Меморандумға жоғарыда аталған мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымының басшылары қол қойып, жобаны өңірде бірлесіп іске асыруға уағдаласты. Айта кетейік, AI-Jan – білім беру ұйымдарындағы буллинг, психологиялық қысым, әлеуметтік оқшаулану, құқықбұзушылық тәуекелдері және суицидтік қауіптерді ерте анықтауға арналған профилактикалық цифрлық платформа. Платформаның басты ерекшелігі – толық анонимді хабарлама қалдыру мүмкіндігі және тәуекелдерді ЖИ арқылы талдау. Бұл тәсіл жасырын тәуекелдерді ерте кезеңде анықтап, алдын алу шараларын дер кезінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал меморандумның басты мақсаты – осы AI-Jan платформасын Түркістан облысының мектептері мен колледждерінде кезең-кезеңімен енгізуге арналған ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту, тәуекел сигналдары бойынша жедел әрекет ету тетіктерін айқындау.