Шымкент қаласының тұрғыны Қазақстанның кез-келген нүктесіне кезекке тұрып, жер телімін ала алады. Бұл туралы жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Исламов баспасөз брифингінде айтты.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Қазақстандықтар бір мезгілде бірнеше орында жер кезегіне тұра алады. Яғни, тұрғындар Шымкенттен бөлек еліміздің басқа да облыс-қалаларында үміткер болуға құқылы. Бірақ бұл бір адам бірнеше жер телімін иеленеді деген сөз емес.
АЗАТ ИСЛАМОВ, ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
ҚР азаматы бір рет қана кезекке тұрып жер телімін ала алады. Яғни, ол Қазақстанның кез-келген жерінен жер алған жағдайда басқа жақтағы кезектерден шығарылады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Жыл басынан бері басқармаға жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік ұйымдардан 517 арыз-шағым келіп түскен. Сондай-ақ «Ай Көмек» байланыс орталығы арқылы тағы 31 талап-тілек тіркелген.
АЗАТ ИСЛАМОВ, ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Негізгі «Ай Көмектен» келіп түсетін арыз-шағымдардың дені жолды бөгеу, жол жүрісіне кедергі жасау болып табылады. Мінетті түрде кері байланыс орнатылады. Азаматтарға ресми тіл түсініксіз болуы мүмкін. Сондықтан да тыңдалым өтеді.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматына жалғасты. Басқарма басшысы журналистер жолдаған сауалдарға жекедара тоқталып, толыққанды жауап берді.