Еңбекші ауданында орналасқан Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектепте ақпараттық кездесу өтті. Онда ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев баяндама жасап, жаңа Конституция жобасын жан-жақты түсіндірді.


Ақпараттық-түсіндіру тобы жаңа Ата заңның негізгі қағидаттары мен бөлімдерін таныстырды. Әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасы азаматтардың құқықтарын қорғауды, осал топтарға қолдау көрсетуді және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейтіні айтылды. Сондай-ақ мемлекет азаматтардың еңбек етуіне, білім алуына, денсаулығын қорғауына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қажетті жағдайлар жасауға міндетті екені атап өтілді. Ата Заң халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға, әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететіні айтылды.


ЛОЛА ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ, МҰҒАЛІМ
«Референдум жайлы жақсы мәліметтер берілді. Ата-заң жобасы жан-жақты түсіндірілді. Бұйырса, 15 наурыз күні таңдау жасауға дайынбыз.»