Жаңа Конституция жобасының басым бағыттары мен негізгі нормаларын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр. «Green Cross ECO» серіктестігінің басшылығы фармацевтика саласының қызметкерлеріне еңбек адамының құқықтары мен қауіпсіздігі жайында ақпарат берді. Маңызды құжатта еңбек адамының құқықтарын қорғауға бағытталған қағидаларға ерекше назар аударылғанын түсіндірді.
Жаңа Конституцияда еңбек адамының құқықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Бұл еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау және әрбір азаматтың адал еңбегі лайықты бағалануы тиіс деген қағиданың көрінісі. Мұндай нормалар қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді.
ГҮЛИЯ ЖҮЗЕНОВА, «GREEN CROSS ECO» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Ұсынылып отырған өзгерістер еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, әділеттілікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Әр азаматтың дауысы маңызды. Әр пікір құнды болатын қоғам қалыптастыру ортақ мақсатымыз. Біз әділетті Қазақстан құру жолындамыз. Конституциялық реформалар сол қадамдардың бірі. Еліміздің болашағы өз қолымызда. Біз жаңа Конституция елдің дамуы үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін.
Шымкент қаласындағы «Green Cross ECO» фармацевтикалық зауыттың атқарушы директоры Гүлия Жүзенова фарм компания қызметкерлеріне жаңа ата заң елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, әділеттілікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін айтты.
ГҮЛИЯ ЖҮЗЕНОВА, «GREEN CROSS ECO» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Жаңа Конституция адам өміріне және денсаулығына қорғауға аса маңыз берілген. Біздің өндірісте шығарылып отырған медициналық бұйымдар елдің денсаулығына, ұзақ өмір сүруіне бағытталған.
Жаңа Ата заңда азаматтардың қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайында жұмыс істеуіне кепілдік беру мен әлеуметтік қорғау тетіктерін нығайту мәселелері қамтылған. Бұл нормалар еңбек адамын қолдауға және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.