Түркістан қаласында кикбоксингтен облыс чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға өңірдің аудан-қалаларынан жиналған 275 спортшы қатысуда. Жеңімпаз атанған жастар Павлодар қаласында өтетін республикалық жарыста бақ сынайды.


Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан кикбоксинг федерациясы төрешілер алқасының төрағасы Сұлтан Қуандық қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Оның айтуынша, мұндай жарыстар жастардың шеберлігін шыңдауға жәрдемдеседі.


СҰЛТАН ҚУАНДЫҚ, ҚР КИКБОКСИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазақстан кикбоксингтен әлем бойынша үшінші орында тұр. Осы уақытқа дейін талай мықты спортшы тәрбиеленді. Түркістандық спортшылар да жастар арасындағы чемпионатта екі алтын медаль жеңіп алды.


Ал Түркістан облысы бойынша кикбоксингтен аға жаттықтырушы Нұрбек Құрмашев чемпионаттың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жарыс жас спортшыларды іріктеп, алдағы республикалық додаға дайындайды.


НҰРБЕК ҚҰРМАШЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КИКБОКСИНГТЕН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
 Біз үміт артып отырған жастар бар. Бұл — облыстық чемпионат. Түркістандық спортшылар топ жарса, Павлодардағы республикалық жарыста бақ сынайды. Одан кейін халықаралық деңгейдегі турнирлерге қатысамыз.


 Айта кетейік, чемпионат барысында ұлдар 11 салмақ дәрежесінде, ал қыздар 8 салмақ бойынша сынға түседі. Облыстық жарыс жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, болашақ чемпиондарды анықтауға мүмкіндік береді.