Ақпан айында жаңа Конституция жобасы көпшілік қарауына шығарылған еді. 15-наурыз күні республикалық референдум өтеді. Негізгі өзгерістердің бірі - бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай құру. Сондай-ақ вице-президент лауазымы. Осыған сәйкес қолданыстағы конституцияның 9 бөлімі мен 77 бабына түзету мен өзгерту енгізілген. Бұл жалпы заңнамалық құжаттың 84 пайызын құрайды. Бұған түрткі болған халық пікірі мен елдің ұсынысы.
Конституцияға енген өзгертулер елдің бұдан әрі өркендеуі мен билік жүйесін одан сайын жетілдіруді көздейді. Бастаманы Мемлекет басшысы былтырғы жолдауында айтқан еді. Тағдырлы мәселелер бойынша халықпен ашық сұхбат жүргізетінін мәлімдеді. Осыдан кейін парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Ал Қызылордада өткен құрылтайында өзгерістер ауқымы одан да кең болатыны белгілі болды. Ізін ала әртүрлі саланың 130 өкілі енген конституциялық комиссия жұмысын бастады. Басты құжат бойынша азаматтар мен сарапшылардан 10 мыңнан астам ұсыныс түскен.
БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ
– «Цифрландыру дәуіріндегі өзгерістер, адам құқықтары мен жеке деректерінің қорғалуы басты назарға алынып отыр. Біліми иновация да қамтылған. Яғни, ертеңгі референдумда біз болашаққа таңдау жасауымыз керек. Ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын жастарға нақты заңдық құжат қалдыруымыз керек.
Жаңа құжат жобасы 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Соның 30-ға жуық бабы адам құқықтары мен бостандықтарына арналған. Қалалық коллиция мүшелері белсенді жастармен кездесіп, заңнамалық құжаттың негізін түсіндірді.
ПЕРИЗАТ ӘЛМАХАНБЕТ , СТУДЕНТ
– «Маған жаңа ата заң жобасының ұнаған тұстары өте көп. Жақсы ақпараттар алдым. Ертең таңдау жасауға барамын.» «Мұнда болшағымызға әсер ететені көптеген жоба қарастырылған.»
Ата заңға заман өзгерісіне сай жаңа қағидалар да еніп отыр. Мәселен азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілген. Дін мен мемлекеттің рөлі айқын бөлінген. Сондай-ақ адвокаттық қызмет туралы да арнайы бап алғаш рет енгізілмек.