Қазір әріптесім Қанат Жүнісбек Шымкенттегі №98 сайлау учаскесінен тікелей эфирге қосылғалы тұр. Қанат, Сайлау учаскесінде қанша азамат тіркелген? Оның қазірге дейін қаншауы өз таңдауын жасады? Жалпы сайлау барысы қалай?

АҚНИЕТ ШЕРАЛЫҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен отбасыммен келіп өз таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін өте маңызды.Өйткені конситуция еліміздің тұтастығы мен азаматтардың бостандығы құқықтың сақталуы мен  демократиялық құндылықтарға жауап беретін басты құжат болып саналады.Сондықтан халықтық референдум арқылы таңдалып жатқан Ата заңымыз болашаққа  бет алған Қазақстан үшін өте маңызды деп ойлаймын.