Бокстан еліміздің ұлттық құрама мүшелері референдумда дауыс берді.
Олар Төлеби ауданы, Ақбастау ауылындағы №760 референдум учаскесіне өз таңдауларын жасады. Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды.
ТӨРЕХАН САБЫРХАН, БОКСШЫ
Бүгін біз Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасымен өз дауысымызды бердік. Тура шешім бердік деп ойлаймыз. Еліміз мәңгілік жасасын.
Ұлттық құрама сапындағы Түркістан облысының боксшылары – Сағындық Тоғамбай, Нұрлан, Даниял Сапарбай және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да дауыс беріп, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді. Айта кетейік, бокстан ел құрамасының мүшелері Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
НҰРЛАН САПАРБАЙ, БОКСШЫ
Өз таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағына сенеміз.