Бүгін елімізде маңызды күн. Ел азаматтары референдумда дауыс беріп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға қатысты таңдау жасайды.
Шымкентте 700 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Олардың арасында 1000-нан аса әскери қызметші және 500-дей студент бар. Шаһарда референдумға қатысушылар саны бұрынғыға қарағанда 5,2 пайызға артқан. Республикалық референдум өткізуге Шымкент қаласы бойынша 369 референдум комиссиясы қатысып жатыр. Олардың 6-сы аумақтық, 363-і учаскелік комиссиялар.