«Қызыл жар»  шағын ауданында орналасқан №64 референдум учаскесінде де таңдау жасаушылар белсенді. Қатарында жасы 75-ті еңсерген ақсақал да, 18 жасқа жаңа толып, таңдау құқығына ие болған жастар да бар. Тіпті, отбасы мүшелерін түгел жиып, белсенділік танытқандар да жетерлік. Бақылаушылардың сөзінше, таңнан бері ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.


Ғаниевтер шаңырағы таңдау жасауға 13 отбасы мүшесімен бірге келген. Қатарында әулеттің ұл-қыздары мен немерелері, келіндері мен күйеу баллары бар. Учаске қызметкерлері белсенді отбасыға сыйлық үлестірді. 


СӘЛІМЖАН ҒАНИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 – «Заңға қарап жұмыс істейтін отбасымыз. Әр сайлау, референдумға жақсы қатысамыз. Мына немерелерімнің бүгін туған күні, бірінші рет қатысып тұр.»


Жұпар Кенжебекова – асхана қызметкері. Саяси науқанға арнайы келген ол «әр азамат мемлекет ісіне немқұрайлы қарамай, өз таңдауын жасауы қажет» деген пікірде.


ЖҰПАР КЕНЖЕБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 – «Өз таңдауымды жасап келдім. Халқымды, президентімді, кейінгі ұрпақты ойлаймын.» «Қазақстанның дамуы үшін өз таңдауымды жасадым.»


 Комиссия төрайымының айтуынша, таңдау жасауға келушілердің қарасы қалың. Белсенділік жоғары.


РАУШАН КҮНДЕБАЕВА, №64 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
 – «№64 сайлау учаскесінде таңдау жасау қарқынды жүріп жатыр.»  «Ең жасы 18 жаста, ең егдесі 75 жастағы қария атамыз.»


Референдумның әділ өтуін арнайы бақылаушылар қадағалап отыр. «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанна Турабаеваның айтуынша, таңнан бері аталған учаскеде ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген. 


ЖАННА ТУРАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 – «Құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Барлығы өз тәртібімен өтіп жатыр.»


 Азматтарға жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында учаске қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырды.