Шымкентте жалпыхалықтық дауыс беру процесі штаттық режимде өтіп жатыр. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен әкім орынбасары Сәрсен Құранбек те референдумда дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады.


 АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков №231 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Өңір басшысы бекітілген регламентке сай тіркеуден өтіп, бюллетень алды. Дауыс беру кабинасында шешім қабылдап, парақты арнайы жәшікке салды. Сондай-ақ, мұнда қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы да азаматтық таңдауын жасады. Аталған учаскеге таңғы сағаттардан бастап тұрғындар келіп, референдумға белсенді қатысып жатыр. Учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындарға барлық қажетті жағдай жасалған.


САБЕТ ҚУАТОВ, №231 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ
 Біздің референдум учаскесінде 2057 адам есепке ілінген.Таңғы жетіден бастап учаске ашылды.Азаматтар өз таңдауын жасауға белсене атсалысып жатыр.
  

 №231 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ 2057 АЗАМАТ ТІРКЕЛГЕН


Қала тұрғыны Әбила Көздібайқызының жанұясы «Мерейлі отбасы» байқауында топ жарған.Ақ жаулықты ана бүгін референдумға келіп, азаматтық таңдау жасады.


ӘБИЛА КӨЗДІБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Ата Заңымыздың жобасына бей-жай қарамай, отбасыммен келіп, өз таңдауымызды жасадық. Өткен жылы ұлттық жоба «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атандық.Жанұямыздың мерейі тасыған жылы осындай тарихи маңызы бар референдум өтіп жатыр.


 Айта кетейік, бүгін сағат 07:00-ден бастап республикадағы барлық дауыс учаскелерде Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды. Қала тұрғындары тұрғылықты жері бойынша тіркелген сайлау учаскелеріне барып, кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.