Шымкент қаласындағы №228 референдум учаскесінде жас отбасылар белсенділік танытып, маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады. Таңертеңнен бастап дауыс беру учаскесіне келген жас жанұялар ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетіп, азаматтық борыштарын орындады.
Жас отбасылар үшін референдум – тек дауыс беру ғана емес, сонымен қатар елдің ертеңіне деген жауапкершілікті сезіну, қоғамның дамуына өз үлесін қосу болып табылады. Олар мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге қатысу арқылы болашақ ұрпақтың тағдырына қатысты пікірлерін білдірді.
Мадижан мен Аружанның шаңырақ көтергендеріне 8 айға жуықтаған. Жас жұбайлар бір отбасының мүшесіндей болып алғаш рет дауыс беруге келген.
Бұл күні дауыс беру учаскесіне келген жас жұбайлардың қарасы қалың. Қол ұстасқан жұбайлардың қадамы өскелең ұрпаққа азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Бұл – жас буынға отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңызды қадамы.
Осылайша, №228 референдум учаскесіне келген жас отбасылар елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамай, өз таңдауларын жасап, мемлекет болашағына қатысты маңызды бастамаға белсенді түрде қатысқанын көрсетті.