Қаладағы барлық референдум учаскелерінде сазды әуен шырқалып тұр. Бұл келушілерге жақсы эмоция сыйлап, саяси науқанды мерекелік шараға айналдыруда. Дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында жанды дауыста ән шырқалуда.


 Бұл №4 референдум учаскесі. Дауыс беру орны Достық үйінде орналасқандықтан, этно-мәдени бірлестік өкілдері түрлі ұлттың әндерін шырқап, дауыс берушілерді қарсы алуда. Тұрғындар әуезді әнге тамсануда. Ал №196 референдум учаскесінде ұлт аспаптар оркестрі өнерін паш етуде. Бұл оқушылар республикалық өнер сайыстарында жүлделі орын алған талантты балалар. Олар күй шертіп, дауыс берушілерді ұлттық өнермен сусындатуда.


Мегаполисте 369 референдум комиссиясы жасақталған. Оның алтысы аумақтық комиссия болып табылады. Барлық референдум учаскелерінде жұмыс қызып тұр.