Саяси науқанға қатысушылардың қарасы қалың. Белсенділік жоғары. Дәл қазір әріптесім Қанат Жолдасбек №98 референдум учаскесінен тікелей ақпарат таратуға дайын. Ендіше, Қанат сайлау учаскесіндегі жағдай қалай? Соңғы ақпараттар не дейді?
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Иә, Олжас! Сөзіңнің жалғаны жоқ. Шынымен-ақ мегаполис тұрғындары бүгін өте белсенді. Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеген ақпаратқа сүйенсек, 13:00 – ге дейін Шымкенттіктердің пәленше пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Қатарында егде тартқан қариялар мен 18-ге жаңа толып, таңдау жасау құқығына ие болған жастар да бар. Қоғам мүшелерінің барлық санаты белсенді. Мәселен, 09:30 шамасында, №64-ші дауыс беру учаскесіне бір отбасының 13 мүшесі бірге келіп, таңдау жасады. Шаңырақтың үлкені 70-ті еңсерген зейнеткер. Ал ең кенжесі бүгін ғана 18-жасқа толып, алғаш рет саяси таңдауын жасап отырған бойжеткен. Ал дәл қазір біз Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университетінің қабырғасында орналасқан №98-ші референдум учаскесіндеміз. Менің жанымда саяси науқанның әділ өтуін кірпік қақпай қадағалап отырған байқаушы – Пәленше Түгеншев. Иә, Пәленше ханым /мырза/ №98-ші учаскедегі жағдай қалай? Таңдау жасау науқаны заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр ма?