Шымкент қаласында 2026 жылы 610 жұмыссыз азаматты кәсіптік оқуға жолдау жоспарланып отыр.


 Бүгінге дейін арнайы құрылған комиссияның шешімімен жұмыссыз 420 адамды оқыту үшін 33 мекеме бекітілді. Оның ішінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқытуға 14 мекемеге 160 тұрғын, ал білім беру ұйымдарына 19 мекемеге 260 жұмыссыз азамат жолданады. Қалған 190 орын бойынша алдағы уақытта мекемелерден өтініштер қабылданып, арнайы құрылған комиссияның қарауына ұсынылады. Кәсіптік оқуға қатысу үшін тұрғындар алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сонымен қатар, жеке куәлік, шәкіртақы алу үшін жеке есепшот нөмірі, 075 нысандағы медициналық анықтама және білімі туралы құжат қажет. Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқуға жолданған азаматтарға 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқу мерзімі – 3 ай: оның 1 айы теориялық сабақтарға, 2 айы тәжірибелік оқуға арналған.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ал жұмыс берушілердің жұмыс орындарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысатын тұрғындарға 86 500 теңге (20 АЕК) көлемінде айлық жалақы төленеді. Оқуды аяқтаған азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар. Оқыту мынадай мамандықтар бойынша жүргізіледі: тігінші, арнайы тігінші, кестелеуші, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиешінің көмекшісі, визажист, шаштараз-стилист, электронды есептеу машинасының операторы, пішуші, кеңсе менеджері, қолмен тоқу шебері, киім дизайнері және наубай. Оқуға қатысу үшін тұрғындар тіркелген мекенжайы бойынша аудандық мансап орталығына барып, өтініш бере алады.