Күні кеше Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Конституцияға қатысты есімдер туралы мәлімет жариялады.
Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады. Сондай-ақ Атазаң және Заң есімді бір-бір адамнан бар. Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады. Ең көп таралғандарының ішінде сайлауға байланысты аттар бар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылған, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандар. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам. Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімін 1197 адам иеленген.