Бүгін Шымкентте ел болашағына қатысты маңызды референдумға тұрғындар жаппай келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Сайлаушылардың басым бөлігі таңғы сағат 7-ден бастап дауыс беріп үлгергенімен, әлі де учаскелерде адам қарасы азайған жоқ. Дәл қазір әріптесім Аружан Самидин тікелей байланысқа қосылады. Аружан, қандай ақпараттар бар?
АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Иә, Олжас. Біз қазір №186 сайлау учаскесінде тұрмыз. Мұнда жалпы … сайлаушы тіркелген. Түске дейін тұрғындардың … пайызы дауыс беріп үлгерді. Бүгін Еңбекші ауданының тұрғындары ерекше бастама көтеріп, референдумға ұлттық киіммен келді. Қазақы нақыштағы шапандар бұл жерге ерекше көрік берді. Ал қазір менің жанымда осы референдум учаскесіне жауапты маман тұр.