Қалада дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындар белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда.
№82 референдум учаскесіне 1 030 адам тіркелген. Тұрғындар тұрғылықты жері бойынша дауыс беру орындарына келіп, азаматтық таңдау жасауда. Олардың қатарында қалалық әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова да бар.
АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Референдум ашық әрі әділ өтеді деп ойлаймын. Мен де өз таңдауымды жасау үшін келдім.»