Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді.


 Нұралхан Көшеров алғашқылардың бірі болып Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол саяси науқанға қатысу әрбір қазақстандық үшін маңызды екенін атап өтті.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бүгінгі референдумде өз таңдауымды жасадым. Мен ойлаймын, бұл әр Қазақстан азаматы үшін өте маңызды. Өйткені ең бастысы – мемлекет халық үшін жұмыс істейді деген өзгеріс бар.»


 Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша референдум учаскелерінің саны – 947, оның ішінде жабық учаскелер – 26. Жалпы дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Референдумға облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған.