Саяси науқанда ерекше қызықты сәттер орын алуда. Ол №164 референдум учаскесінде болды. Мегаполистегі Әбдірахмановтар әулеті бірге дауыс беруге келді. Тамаша сәтті тілші әңгімелейді.
Әбдірахмановтар отбасы үшін бүгін маңызды күн. Еліміздегі саяси науқанға атүсті қарамайды. Мемлекет үшін, ұлт болашағы үшін, ұрпағының келешегі үшін өз таңдауын жасауға ниет етті. Дауыс беруге арнайы дайындалып, ұлттық киімді ұлықтап, референдум учаскесінің ажарын ашты.
МӘДӘЛІ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Маңызды шарадан қалыс қалмайық деп біз отбасымызбен өз таңдауымызды жасадық. Отбасымыз бір ауыздан өз таңдауын жасады. Ата заңымыз жаңарып отыр. Еліміз дамып, көк туымыз желбірей берсін. Қазақстанымыздың еңсесі биік болсын.»
Бұл әулет елімізге танымал. Әбдірахмановтар республикалық отбасылық байқауларға қатысып, жүлдегер атанған. Енді тек сахнада ғана емес, саяси өмірде де белсенділігін танытты. Бұл әулет дауыс берген №164 референдум учаскесінде таңнан бері жұмыс қызу жүріп жатыр.
РАХИМА ӘЛИЕВА, №164 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ МҮШЕСІ
«№164 референдум учаскесінде 2 341 сайлаушы бекітілген. Таңнан бері белсенділік өте жоғары. Жартысынан көбі дауыс беріп қойды, көңіл күйлері жақсы.»
Саяси науқанда мегаполис тұрғындарының белсенділігі жоғары. Референдум учаскесінде дауыс берушілер қатары қалың, – дейді комиссия мүшелері. Бұл шымкенттіктердің ел болашағына бей-жай қарамайтындығының нақты дәлелі.