Қазығұрт ауданындағы тұрғындардың да референдумға белсенділігі жоғары. Таң сәріден учаскеге асыққан тұрғындардың алғашқы легіне арнайы сый-сияпат табысталды. Отбасымен келіп дауыс берген қариялар көпке үлгі болып, жерлестерін ел үшін маңызды күні белсенді болуға шақырды.
Қазығұрт ауданындағы 59 референдум учаскесіне 64 473 тұрғын тіркелген. Қызылқия ауылындағы №295 учаскеге келушілердің қарасы қалың. Маңызды күні ауыл тұрғындары ұйымдасып келіп, өз таңдауларын жасады.
Учаскеде «Аквагрим» акциясы өтті. Шара аясында дауыс беруге келген тұрғындар беттеріне түрлі бейнелер салдырып, бір-біріне мерекелік көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, ынтымағы жарасқан қызылқиялықтар саяси науқандардың барлығында белсенділік танытып келеді. Ауыл тұрғындарының бұл жолғы референдумға қатысу деңгейі де жоғары.