Шымкентте жалпыхалықтық дауыс беру процесі қалыпты режимде өтіп жатыр. Қала аумағында барлығы 363 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 339-ы тұрғындарға ашық болса, 24-і жабық мекемелер аумағында орналасқан.
Дауыс беру үдерісінің ашық әрі әділ өтуін бақылау мақсатында «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдері барлық учаскеде жұмыс істеуде. Олар референдум барысын бақылап, заң талаптарының сақталуын қадағалап отыр. Жауапты мамандардың айтуынша, қаладағы учаскелерде заңбұзушылық деректері тіркелмеген.
РОЛАН ҚОНЫСБЕКОВ, «ДАУЫС» ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ШҚ бойынша ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ
Референдум учаскелерінің бәрінде біздің коалиция өкілдері жұмыс істеп жатыр. Әлі заңбұзушылық тіркелген жоқ. Егер қандай да бір оқиға орын алса, өңірде құрылған мобильді капитандар құқықбұзушылықтың алдын алады.