Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев референдумда дауыс берді. Ол №75 мектеп базасында орналасқан №82 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.
Референдумда белсенділік танытқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев №82 референдум учаскесінде дауыс берді. Елдің болашағына алаңдаған қария әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін алға тартады.
КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Жалпы, 5 бала-шағамызбен жұбайыммен 7 кісіміз. Қазір бір ұлымыз Астанада, бір ұлымыз осы жерде. Қазір жанұямыздан 4 кісі келіп №82 сайлау учаскесінде дауыс бердік. Біз дауыс беріп жатқан №82 учаскеде барлық жағдай жасалған деп айтуға болады. Кезекте тұрған азаматтар тәртіп сақтап тұр. Тәртіппен кіріп, талапқа сай жұмыс атқарылып жатыр.»
Мұнда 1 030 дауыс беруші тіркелген. Таңертең алғаш келген азаматтарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар берілді.
АҚТОЛҚЫН ОРАЗБАЕВА, №82 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Таңертеңгі жетіден бастап жұмысты бастадық. Дауыс берушілердің легі өте жақсы, көңіл күйлері керемет. Қазіргі таңда сағат 11-ге дейін дауыс берушілердің 40 пайызын қабылдадық. Сағат сегізге дейін халықты қабылдаймыз.»
Айта кетейік, №82 сайлау учаскесінде ерекше күтімді қажет ететін азаматтардан әлі ешқандай өтініш түспеген.