Түркістан тұрғындары референдумға белсенді қатысуда. Қала тұрғындары сайлау учаскелеріне отбасымен барып, дауыс беріп жатыр. Таңертеңнен бері учаскелерге келген алғашқы сайлаушыларға және тұңғыш рет дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Маңызды күні дауыс беру учаскелеріне отбасымен келіп, таңдау жасағандардың қатары көп. Солардың бірі – Әбсадықовтар отбасы. Шаңырақ иелері ел үшін маңызды күнде балаларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Тұрғындар референдумда ұсынылған өзгерістерді қолдай отырып, заңға енгізілетін жаңашылдықтар елдің тұрақты дамуына оң әсер етеді деген сенім білдірді. Дауыс беру барысында олар жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Айта кетейік, Түркістан тұрғындарының ұйымдасқан түрде қатысуы ел бірлігі мен татулығын көрсетіп, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісіне айналды.