Ауыл жастары ерекше үлгі көрсетіп, атпен келіп дауыс берді. Олар Созақ ауданы, Жартытөбе ауылындағы №695 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады.
Осылайша, жастар ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын танытты. Жастардың ұлттық нақыштағы әрекеті ауыл тұрғындарының назарын аударып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жігіттердің айтуынша, мұндай бастама ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар, жастардың қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуына ықпал етеді.
«Бүгін біз еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Әр азаматтың дауысы маңызды.»