Шымкентте бір көшенің тұрғындары бір уақытта дауыс берді. Қызылжар шағынауданындағы Байзахметов пен Жиделібайсын көшелерінің 30-ға жуық тұрғыны №53 мектеп базасында орналасқан №64 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ерекше сәтті әріптесім көріп келген еді. Сюжетте толығырақ.
Байзахметов пен Жиделібайсын – көпұлтты көше. Мұндағы тұрғындардың ауызбіршілігі жарасқан. Көршілер белсенділік танытып, азаматтық борышын орындауға бірге атсалысты. Бүгін референдум учаскесіне бірге келіп, дауыс берді.
Референдум учаскелерінде таңнан бері түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бірінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтсе, енді бірінде ән айтып, би билегенді көруге болады. №64 референдум учаскесінде домбыра оркестрі күмбірлетіп күй ойнап, мектеп оқушылары әуелетіп ән салды.
Айта кетейік, №64 референдум учаскесінде 2 502 адам дауыс беруге құқылы.