Шымкентте мектеп оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті. Шығармашылық додаға мегаполистің бес ауданынан келген 450-ге жуық оқушы қатысты. Олар Абай шығармаларын жатқа оқып, ақынның философиялық мұрасын насихаттады.


Алинұр Абай шығармаларын бес жасынан бастап ойына тоқи бастаған. Бұған дейін де талай жарыста жеңімпаз атанған оқушы бұл байқауға Абайдың 18 өлеңін жаттап келіпті.


АЛИНҰР ШАРБЕКОВ, ОҚУШЫ
 Абайдың шығармалары мені еңбексүйгіштікке баулиды.Мектепте ақынның шығармаларымен жақсы танысып келеміз.Ал бүгінгі байқауға 18 өлеңін жаттап келдім.


Шаһардың бес ауданын қамтыған байқауды қалалық әдістемелік орталығы ұйымдастырды.Жарыста топ жарған оқушылар қалалық кезеңде бақ сынайды.


ЖАЙНА ӘБДАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Байқау төрт кезеңнен тұрады.Бүгін қаланың бес ауданынан келген 453 оқушы өз бағын сынап жатыр.


 Байқау жеңімпаздарына 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.