Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтіледі. Бұл күн халықтың болмысын, дүниетанымын және құндылықтар жүйесін қалыптастыратын басты күш – мәдениет екенін еске салады.


Салт-дәстүрлер тек мұражайларда немесе кітаптарда ғана сақталмайды. Олар күнделікті өмірде де көрініс табады: үлкендерді құрметтеу, қонақжайлық таныту, отбасылық салт-жораларды сақтау, халық музыкасы мен ұлттық ойындар, ауыз әдебиеті арқылы жалғасып келеді. Осылар арқылы өмірлік даналық, тәжірибе, әділдік, өзара көмек пен бірлік туралы түсініктер ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Дәстүрлер бүгінгі күні де өз мәнін жоғалтпай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып келеді.