Түркістан облысында өзгенің қорасынан қой ұрлаған күдікті ұсталды. Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын бірнеше қойының жоғалғаны туралы арызданған. Келтірілген шығын шамамен 300 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті жас жігітті анықтап, ұстады. Тергеу барысында оның түнгі уақытта жәбірленушінің қорасына жасырын кіріп, бірнеше қойды ұрлап кеткені белгілі болды. Кейін күдікті малды сатып, түскен ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсаған. Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.