Жалпыхалықтық референдум күні Шымкентте 363 референдум учаскесі жұмыс істеді. Қалада 695 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие болды.


Қалалық орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, кеше шымкенттіктердің 75,8 пайызы өз таңдауын жасаған. Саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін 1540 қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілі қадағалады. Сонымен қатар ТМД елдерінен 5 байқаушы және АҚШ елшілігінен 1 өкіл халықаралық бақылау жүргізді. Саяси науқанға қоғамның барлық санатындағы азаматтар қатысты. Олардың қатарында ерекше қажеттілігі бар азаматтар да бар. Олар үшін референдум учаскелері тактильді көрсеткіштермен, брайль шрифтімен, құлаққаптар мен лупалармен жабдықталды. Сондай-ақ 65 сурдоаудармашы жұмыс істеп, қозғалысы шектеулі азаматтарды 38 инватакси тасымалдады.


 ҚАЙЫРЖАН ҚҰНАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Біздің сағат 20:00-де берген алдын ала мәліметімізге сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 527 мың адам дауыс беріп, көрсеткіш 75,8 пайызды құрады. Осы науқанда ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Қала тұрғындарының белсенділігі жоғары болғанын байқадық.»  
 
• 363 УЧАСКЕ ЖҰМЫС ІСТЕДІ
• 75,8% ШЫМКЕНТТІК ҚАТЫСТЫ
• 1540 БАЙҚАУШЫ
• 6 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ҮШІН:
• ТАКТИЛЬДІ КӨРСЕТКІШТЕР
• БРАЙЛЬ ШРИФТІ
• ҚҰЛАҚҚАПТАР МЕН ЛУПАЛАР
• 65 СУРДОАУДАРМАШЫ
• 38 ИНВАТАКСИ