Полицейлер студенттермен кездесіп, құқықтық сауалдарға жауап берді. Іс-шаралардың мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.


Ашық форматтағы кездесулерде тәртіп сақшылары студенттермен бірнеше өзекті мәселені талқылады: сталкинг, қыз алып қашу, есірткі қылмыстары, сондай-ақ интернет-алаяқтық тәсілдері. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың салдарын жан-жақты түсіндіріп, жастардың қылмысқа қалай тартылатыны мен алаяқтардың құрбанына айналмау жолдарын көрсетті. Студенттер белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.