15 наурызда, республикалық референдум күні, елімізде 585 нәресте дүниеге келді.
Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар. Барлық өңірде медицина қызметкерлері аналар мен нәрестелерге уақтылы әрі сапалы көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін танытуда.