Референдум күні шымкенттіктер ерекше белсенділік танытты. Жалпыхалықтық науқанға бейжай қарамай, саяси мәдениеттің жетіліп келе жатқанын көрсетті. Қалалық мәслихат төрағасы, конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов осылай дейді.


 БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
– «Өздеріңіз де көрдіңіздер ел белсенділік танытты. Таңертең референдум участкесіне барсақ бізден де ерте барып дауыс беріп қайтып жатқандарды байқадық. Бұл комиссияның, халықтың Ата заңға деген сенімінің көрінісі.»